Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртанов Қазақстандағы коронавирус сараптамасы қалай жүргізілетіндігі жайлы айтып берді

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, nCoV-2019 жаңа коронавирусының зертханалық диагностикасы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының орталық референс зертханасында (ОРЗ) ДДСҰ мен АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының әдістемесіне сәйкес Ұлттық биотехнологиялар орталығымен бірлесіп Real-Time RT-PCR әдісімен жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сараптама

Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасына жазды. 

Айтуынша, тыныс алу жолдарынан, қақырық, жөтел кезінде бронхтан бөлінетін зат, сондай-ақ қан сарысуы анализге алынады екен. Содан кейін сарапшылар пациенттен алынған сынаманы зертханалық тестілеуден өткізіп, коронавирустың РНК тексереді, бұл короновирустық инфекцияны анықтауға мүмкіндік береді. Барлық процедуралар CDC/ДДСҰ хаттамасына сәйкес диагностикалық жүйе бойынша орындалады.

"Тұмау маусымын ескере отырып, коронавирустың симптомдары байқалған жағдайда, аурудың алдын алу үшін барлық пациенттер тұмауға, ЖРВИ және басқа да коронавирус түрлеріне қарсы қосымша тексеруден өтеді. Науқастардың теріс және оң сынамалары Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі ДДСҰ аккредиттелген зертханасының базасында қайта тексеруден өтеді", - деп жазыпты министр. 

сараптама

Диагностиканың соңғы сатысы ретінде сынама ДДСҰ ынтымақтасқан зертханасына қайта жіберіледі.

Коронавирусқа тапсырылған сараптама диагностикадан өткенше пациентті медицина қызметкерлері тәулік бойы бақылауда ұстайды және олар медициналық мекемелердің оқшауланған бокстарында болады.

Біртановт қазір ОРЗ базасында коронавирусқа қарсы 100 сынама зерттелді, нәтижесінде вирус жұқтырған адам анықталған жоқ дейді. 

сараптама

Еске салайық, бұған дейін Алматыға келген екі азамат қаладағы коронавирусты тексеру жұмыстары өте төмен екендігін айтып шағымданған еді. Бейжіңнен келген бойжеткен Алматыда сараптама жасайтын жер іздеп, сандалғанын айтса, АҚШ-тан оралған азамат өзінің қытайлық індетті жұқтырып алғандығын тексертейін десе, емханада ауруды анықтай алмайыз деген көрінеді.. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Неліктен «коронавирустық круиздің» жолаушылары әдеттегі бортпен Жапониядан ұшып келді

Нұр-Сұлтанға тұрақты рейспен "коронавирустық круиздің" жолаушылары келді

Қазақстанда бес жұлдызды all inclusive қонақ үйі ашылмақ

Орталық Азиядағы ең ірі қонақ үй Ақтауда салынып жатыр

Түркістан облысында кәсіпкер жалғызбасты анаға үй тұрғызып берді

Облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ

Қырғызстандық бойжеткен Италиядағы коронавирустың өршуіне байланысты дискриминация туралы айтып берді

Италияда оқып жүрген Айчурок Сейитбекова коронавирус індетіне байланысты Еуропада болып жатқан жағдайлар жайлы баяндады

Қарызы болғандықтан әскерге бармайды: Қазақстанда сарбаздардың несиесін уақытша тоқтату ұсынылды

Бүгінгі күні әскердегі сарбаздардың несиесін ата-анасының төлеуіне тура келеді

Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтандағы түрмеде қайтыс болды

Жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен Дулат Ағаділ қайтыс болды

«Арманым – балалар бір-бірімен араласса деймін»: Айқын Төлепберген екі әйелінен туған балаларының басын қосқысы келіп жүр

Біреулер «Басқа біреуге үйленгеннен кейін балалар бір-біріне алыс болады» деп айтады

Мамытбеков Шымкент әкімінің орынбасары лауазымына ие болды

Бұған дейін ол Түркістан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарған

"Арыздарыңызды қайтарып алсаңыздар": "Гарант 24" ломбардының басшысы салымшыларға үндеу жариялады

Сөзінше, ол түрмеге қамалудан қорқып, елден қашып кеткен

Қордайдағы тәртіпсіздікке байланысты 120 қылмыстық іс қозғалды

Күдіктілер мен қамауда отырған адамдар бар
Çàãðóçêà...