Бірнеше кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылады
Үкімет республика меншігінің кейбір мәселесі туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес "Көлік сервис орталығы" акционерлік қоғамының акция пакетінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы "Темір Триумф" ЖШС ұсынысы қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Көлік сервис орталығы" АҚ – Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы. Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша "Integrity Solutions" ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін "Soft Art" ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 50% республика меншігіне береді.
"Bridge capital investments limited" жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін "Акмолит" ЖШС, "Мархит" ЖШС, "Топаз-НС" ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ін береді.
"Көлік сервис орталығы" АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғы капиталындағы қатысу үлесі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі", - делінген қаулыда.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады