Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Birgemiz" қорына тағы 10 миллион доллар бөлінді

"Birgemiz" қорына тағы 4 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін аса маңызды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қордың төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, қаражат мұқаж жандардың өміріне алаңдайтын еліміздің төрт азаматынан түскен. Олар өз есімдерін жасырын ұстауды жөн көрді. Халықтың қамын ойлап, қол ұшын берген меценаттардың арқасында "Birgemiz" қорында 28,5 миллиард теңгеден аса қаражат бар.

Елбасының тапсырмасы сәйкес жиналған қаражат есебінен 470 мыңнан астам отбасы немесе 1,6 миллион қазақстандық қаржылай көмек алды. 23 қаланың және олардың жанындағы ауылдар мен елді мекендерде тұратын мұқтаж отбасыларына 50 мың теңгеден төлемақы берілді.

Сондай-ақ, коронавируспен күресте алдыңғы шепте тұрған 2 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне қордан 50 мың теңге берілді.

"Jas Otan" еріктілері қорғанысы әлсіз 100 мыңдай отбасыға "Birgemiz" қоры бөлген ақшаға 5 миллион масканы тегін таратты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындарына арналған жаңа үйлердің құрылысы жүргізілуде.

"Birgemiz" қоры Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолдау көрсету үшін жұмыс істейді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр