AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір уыс шашымды жұлып алды да, қалтасына орап салып қойды": Айгүл Иманбаева бейтаныс ер адамның әрекеті жайлы айтты

Айгүл Иманбаева өзінің келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты. Әнші бейтаныс ер адамның ерсі әрекеті жайлы айтып елді шошытты. Желі қолданушылары түрлі болжам жасауда.

Бұған дейін желіде ер адамның ерсі әрекеті желіде жария болған еді. Желі қолданушылары түрлі болжам жасап үлгерді. Ал бұған әншінің өзі жауап берді.

“Кеш жарық, достар! Менің телефоныма, дайректке кешелі бері бір тыным болып жатқан жоқ! Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеоға өзім түсініктеме бере кетсем! Оқиға 22 наурыз күні, Шымкент қаласының алаңында болған. Сахнадан төменге түскен бетім сол еді, видеоны мұқият қарасаңыздар, артқы жағымнан бейтаныс бір кісі келіп расында бір уыс шашымды ауыртып жұлып алды да, қалтасына орап салып қойды. Не себепті бұлай жасағанын білмедім. Әрине, бір Алланың көзі түзу дедім де қойдым!” – деп жазды Иманбаева.

Желідегі оқырманы өз кеңесін айтып жатыр. 

“Еркектерде ұят жоқ екен. Ол шашты не істейді, қорқынышты екен”, “Міне, әншіге кедергі, зиян келтіру деп осы жағдайды айтуға болады. Сұмдық. Үлкен адам екен. Ырымдаса басқа жолын тауып, Айгүл әпкемен сөйлесу керек еді. Бұл дегенің сұмдыық енді. Айгүл әпке бізге Шығысқа үнемі, Күршімге келген, өте ақжарқын адам, сондай ашық, "жұлдыз ауру" дегеннен аулақ адам”, “Аман жүріңіз, Алла өзі жар болсын! Алла өзі қаламайынша сізге еш жамандық болмайды, Алланың қалауымен Арманыңыз орындалсын! “, “Мен көре алмаған әйел адам ба десем, мынау ата жасқа келген еркек қой. Видеоны көрсетіп, полиция департаментіне шағыну керек қой. Неге олай істегеніне түсініктеме берсін”, – деп кеңес айтты желідегілер. 

Әнші оқиғаға қатысты полицияға жүгінбеген. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр