"Бір шартпен ғана": Путин Украинадағы соғысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді
Владимир Путин Ресейдің Украинамен 30 күндік бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: tass.ru
Бұл туралы ол Мәскеуде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөздердің қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
"Біз әскери әрекеттерді тоқтату туралы ұсыныстармен келісеміз", – деді Путин.
Сонымен қатар Ресей президенті бұл ұсыныс тек ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелетін жағдайда ғана қабылданатынын атап өтті.
-
Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет әскери киім киіп бірқатар мәлімдеме жасады
-
ҰҚШҰ егер Еуропа елдері Украинаға әскер кіргізген жағдайда не болатынын айтты
"Бұл тоқтау ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкеліп, осы дағдарыстың бастапқы себептерін жоюға тиіс", – деді ол.
Айта кетейік, 11 наурызда Сауд Арабиясында өткен кездесу қорытындысы бойынша Украина егер Ресей де осындай қадамға барса, 30 күндік атысты тоқтату режимін дереу енгізуге келіскен еді.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп егер Ресей атысты тоқтатудан бас тартса, жаңа санкциялар салынатынын айтқан еді.