Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір рет қолданылатын жаға өндіруге 14 миллион теңге бөлінді

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік киімге арналған бір рет қолданылатын жағаларды өндіруді инновация деп атады. Қазақстанда бір рет қолданатын жағаларды өндіру үшін 14 миллион теңге бөлінді.

Өнімді шығаруды техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің атынан мемлекет қаржыландырылады. «Локкер терлік» инновациялық өнім бұл мойынмен байланыста болатын киімнің алынбалы бөлігі. Бұл туралы Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеп,  Stan.kz хабарлайды.

«Жобаның мәні Локкер Терлік деп аталатын бір рет қолдануға арналған жаңа перспективалық өнім құру. Бұдан күтілетін нәтиже гигиена деңгейінің жоғарылауында. Жағаны қолданғаннан кейін оны алып тастап, жаңаға ауыстыруға болады»,-деді Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік.

Бір рет қолданылатын Локкер Терлік жобасын «Локкер» ЖШС жүзеге асырады. Болашағы бар өнімнің құрушысы Ұлттық зияткерлік меншік институтымен тіркелген «пайдалы жоба» патентіне ие.

Жобаның жалпы сомасы 17,6 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде агенттік 14,1 миллион теңгеге инновациялық грант берді. Грант алушының қаражаты  6,7 миллион теңге», – делінген хабарламада.

Ұлттық агенттіктің қызметкерлері жалға алынған өндірістік мекемені аралады. Олардың өндірістік жабдықтары, сондай-ақ бір рет қолданылатын жағаның дайын үлгісі көрсетілді.

Өндіруші өнімдерді сертификаттауды және оны нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік Қазақстандағы инновацияны қолдайтын мемлекеттік ұйым болып табылады. Бұл «Бәйтерек» ұлттық холдингінің бөлігі.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алатыны белгілі болды

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қазақстанда дағдарыстың аяқталғанын мәлімдеді 

Қазақстанда ипотека бағасы арзандауы мүмкін 

Ұлттық экономика министрлігі бюджетті қайта есептегелі жатыр

 

Талқылау