Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір минуттық жарнама – 3 миллион теңге": Отандық блогерлердің гонорары белгілі болды

Әлеуметтік желі арқылы табыс тауып отырған блогерлердің гонорары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Блогерлердің жеке парақшасынан алынды

TikTok желісінде Гүлназира есімді желі қолданушысы отандық блогерлердің жарнама құнын жария етті. 

“Жалпы бизнес бастауды жоспарлап жүрсеңіз, әуелі Instagram желісін қолға алыңыз. Әлеуметтік парақшаңызды дамытпай, бизнес ашпаңыз. Бизнесіме жарнама жасатқым келіп, біраз блогерге хабарластым. Былайша айтқанда, амбассадор болуға ұсыныс айтқым келді. Қатты таңғалып отырмын. Әбілова Мерей 4 миллион 600 мың теңге сұрады. Аптасына екі-үш рет келіп, сторис түсіріп кетеді. Айына бір рет reels-видео түсіреді. Соған осындай сумма сұрап отыр. Кенжебекова жеңілдік жасап, 11 миллион теңге сұрады. Негізі 13 миллион теңге екен. Айына бір-ақ reels-видео түсіреді. Аптасына 3 сторис салады. Сол үшін 13 миллион теңге төлеуім керек екен. Одан кейін Әсел Асқарға хабарласып көрдім. Ол 3 миллион теңге деді. Бір-ақ сторис түсіріп бере алады екен. Келіп, бизнесті көзбен көреді. Отандық блогерлердің гонорарын естіп, қатты шок алып отырмын”, – деп жазды желі қолданушысы. 



Желі қолданушылары блогерлердің табысын сынап, “халықтың қалтасын қағып отыр” деп айыптады. 

“Кенжебековаға не жоқ?!”, “Ауадан ақша жасап отырғандар екен”, “11 миллион теңге болса, Жанәбіловтердікін сұрауға қорқып отырмын”, “Амилайға екі жәшік сыра берсең, тегін түсіріп береді”, “Халықтың жағдайымен санаспай, аспандағы бағаны қойып жүр” деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Құралай Анарбекова Нұрлан Сабыров пен Олжас Абайдың гонорарын айтқанын жазған едік. 

@naizamolodec #блогеры ♬ оригинальный звук - naizamolodec
Талқылау