Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 миллион теңге": Павлодар әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақыру үшін қанша қаражат кететінін айтты

Жақында отандық эстрада өкілдері Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас Павлодардағы Наурыз мерекесінде қанша теңгеге өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lifepvl.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева мерекені атап өтуге қалалық бюджеттен қаражат бөлініп қойғанын айтты. 

“Қаражаттың негізгі бөлігі біздің әншілеріміздің гонорарына кетті. Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың өнер көрсетуі қымбат екенін бәріңіз білесіздер. Оларға жұмсалатын қаражат – 10 миллион теңге”, – деді қала әкімінің орынбасары. 



Мәлімдемені естіген желі қолданушылары мен Павлодар өңірінің жұрты наразы болып, негатив пікір жаудырып жатыр. 

“Тағы да ақшаны желге шашу”, “Оларды шақырмай-ақ, тойлауға болмай ма?!”, “Одан да сол ақшаны жағдайы жоқ отбасыларға берейік”, “Оларды арнайы шақырып қайтеміз, концерт қоюға келсін. Кім ұнатады сол барып көрсін”, “Сырқат балалардың еміне жұмсайық” деп жазып жатыр көпшілік. 

 

Талқылау