Бір ай аңдыған: Қазақстандық әйел бұрынғы күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғатты

Ақтөбе қаласының тұрғыны өзін бір ай бойы аңдыған бұрынғы күйеуінің үстінен полицияға арыз түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазонға” сілтеме жасап хабарлайды.
29 жастағы әйел “бұрынғы күйеуім бір ай бойы аңдыды” деп полиция арыз түсірді.
Басылымның мәліметінше, учаскелік инспекторлар ер адамды полицияға жеткізіп, "сталкинг" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдіктіге қатысты 50 тәулікке дейін қамау немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.
Сондай-ақ "Сталкинг туралы" заң күшіне енгеннен бері Ақтөбе облысында осындай алты дерек тіркелген. Оның біреуіне қатысты материал сотқа жолданған.
Бұған дейін Жетісу облысында 45 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы қызға сталкинг жасағаны туралы жазған едік.
Бойжеткеннің айтуынша, жасөспірім кезінен бастап өзінен әлдеқайда үлкен ер адам оны аңдып қысым көрсетіп жүр. Оқиға қыз 16 жаста болған кезде басталған. Шамамен 45 жастағы псих диспансерде есепте тұратын көршісі басында сұрақтар қойып, кейін жеке байланыс деректерін тауып алып, үздіксіз хабарласа бастаған.
“Әрі қарай үндемей қоя алмаймын! Бұл ер адаммен 16 жасымнан бері маған таныспын. Анамның дүкенінде тұрғанда алғаш рет келіп қайда оқитынымды, жасым нешеде екенін сұрады. Көрші аға болғасын мен де сол кезде биязы жауап бердім. Алайда ары қарай сөйлесетіндей ешқандай жеке деректерімді бермедім. Бұл кісі менің номерімді тауып алып хабарласа бастады. Мен бірден ол кісінің номерін бұғаттап тастадым. Желіден тауып алып жазды, 2-3 жылға Instagram-ды өшіріп тастадым. Сонда да күнде дүкенге келіп мазамды алды”, – деді бойжеткен.
Оқыңыз