AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі балалар мектепке қандай киіммен бара алатынын айтты

ҚР Білім және ғылым министрлігі ата-аналарды мазалайтын “Оқушылар мектепке қандай киіммен барады” деген ең басты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

мектеп формасы

Министр мектеп формасының орнына классикалық киім киіп бара алады деген ақпараттан кейін ата-аналар арасында түсініспеушілік туындады. Олар балаларын мектепке қалай киіндіретіндерін білмей дал болды. 

“Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады. Бірақ әлеуметтік-экономикалық және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сабаққа классикалық үлгідегі киімде қатысуға рұқсат етіледі. Яғни бұл ақ-қара түсті киімдер. Бұған мектеп формасын сатып алып үлгермеген немесе отбасының жағдайы нашар болған жағдайда рұқсат беріледі”, – дейді Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Жомарт Қарамбаев.



Асхат Аймағамбетов үш апта бұрын балалардың "мектепке тек мектеп формасымен ғана емес, сонымен қатар классикалық киіммен де баруға болады" деген ресми ақпаратынан кейін ата-аналардың сұрақтары көбейген. 

Белгілі болғандай, балаларға мектепке түрлі-түсті, жылтыраған киімдермен баруға рұқсат етілмейді. Рұқсат етілген форманың басты айырмашылығы барлығына бірдей талап қойылмайтынында. 

“Мектеп киімдерінің форматын әр мектептің өзі шешеді. Және әр сынып өзі шешеді. Әр сыныпта қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті бар. Олар сынып жетекшісімен бірге мектеп формасы қандай болатынын шешуі керек. Енді ата-аналардың қалауы мен мүмкіндігіне қарай болады. Егер сіздің барлығымен бірдей киім сатып алуға мүмкіндігіңіз болмаса, онда баланы мектепке классикалық үлгідегі киіммен жіберуіңіз керек”, – деп түсіндірді  СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Каримова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр