Білім министрі кімдердің ҰБТ тапсырмай-ақ грантқа түсе алатынын айтты
Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"