Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биімен желіде жұлдызға айналған “ауыл қызы” кәсіби биші болып шықты (фото)

Үй киімін киіп, орамал тағып шығыс биін билеген қыз кәсіби биші және беллиданс мұғалімі болып шықты. Ол «Ауыл қызының» биін билеп, небәрі бір күннің ішінде ғаламтор жұлдызына айналды.

Биші қыздың есімі – Әйгерім Бақытжан. Ол беллинданспен кәсіби түрде айналасады және Алматыда шығыс биінен сабақ береді екен.

novy_kollazh

Видео жарияланғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары оған сұрақтар «жаудырған». Әйгерім ең көп қойылған сауалдарға жауап берді.

“Менің операторым – үстел. Алабайға қарап күлімсіреп тұрдым. Артымдағы фон шынайы. Байқасаңыздар, таңқурай қимылдап тұр. Өзім де ауылдан шыққанмын, сол себепті біреуді мазақ ету ойымда да болған емес. Ал маған жәрдемі тиген сыпыртқыға «рақмет айтамын». Иә, мұндай би үшін енелер бастан ұруы мүмкін”, – деп жазды биші қыз өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Бұған дейін “Ауыл қызының” би билеп желіде жұлдызға айналғанын жазғанбыз.

Бишінің бұлай жазуының себебі бар. Себебі желі қолданушыларының бәрі «келін биін» жоғары бағалаған жоқ. Қызды ерсі қылық көрсетті деп айыптағандар да жетерлік.

Мәселен, Ұлпан есімді желі қолданушысы: «Қазақстандық қыздар өздерін қалай ұстау керектігін ұмытқан сияқты», – деп жазған. Ендігі бір қолданушы: «Ауылдың қыздары ұяттың не екенін біледі. Ал бұл боянып алған шайтан ғой, ол аздай құйрығын дірілтетіп, ғаламторға видеосын салып қойыпты. Ұялмайсың ба, қызсың ғой», – деп сынаған.

Танымал биі туралы жазбаларды Әйгерім #Сарыағаш хэштегімен жариялап жүр.

Screenshot_1

jpg

jpg_01

Жіберіп алмаңыз:

Шетелде жүрген Есқалиеваның ұлы көшенің қақ ортасында тұрып би биледі (видео)

“Ayumi” тобының ерекше биін жұрт өздері биледі дегенге сенбей отыр (видео)

«ВИА Гра» тобының әншісі сахнаға іш киімсіз шығып биледі (видео)

Талқылау