Биылғы тұмау балалар үшін қауіпті – Дәрігерлер
Ақтөбе дәрігерлері қазіргі тұмаудың зардаптарынан қорқады. Аймақта сырқаттанушылық деңгейі төмендесе де, дәрігерлер ең алдымен балаларды вирустан қорғауды ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Биылғы тұмау әлдеқайда қауіпті.
Қазір станционарда тұмау және ЖРВИ-мен 64 адам жатыр. Соның 54-і балалар. Кішкентай пациенттер вирустың кесірінен құлақ және мұрын ауруларына тап болды. Дәрігерлер өз бетімен емделуге емес, мамандарға жүгінуге кеңес береді. Аймақта тұмаудан басқа коронавирус инфекциясы да таралуда. Қазір ковидпен ауыратын сегіз жүкті әйел ауруханаларда емделуде. 55 адам бақылауда.
“Был тұмау асқынулармен өтеді. Ең алдымен отит, яғни құлақтың қабынуы болады. Гайморит және синусит болады. Биылғы тұмау белгілерінің ерекшелігі осында”, – деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады