Жұмыссыз немесе бейресми жұмыс істеген қазақстандықтар 42500 теңгені алатын болды ма? Министр түсініктемесі
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бейресми жұмыс істеген қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақыны алатынын ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы 1,2 миллион қазақстандықтан өтініш келіп түсті. 42500 теңгелік жәрдемақының басты мақсаты төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған жұмыскерлерге беру көзделген. Тіпті бұл жағдай электронды порталдың асытында да жазылып кетті. Сол себепті жәрдемақыны тек шынымен ақшаға мұқтаж жандар алса екен дейміз. Алғашқы күндері жүргізілген тексеріс нәтижесінде мыңнан астам адам электронды порталға кріпі бірнеше рет өтініш берген. Оларға 42500 теңге берілмейді", - дейді Нұрымбетов.
Бұған қоса Нұрымбетов жеке кәсіпкерлер де жәрдемақыға өтініш бере алатындығын айтады.
"Сондай-ақ ақыры барлығы алып жатыр ғой деп жақында жеке кәсіпкерлікті жақында тіркеп қойған азаматтар да бар екен. Сіздерге айтарым, жақын арада сіздерге төлемақы жасалмайды. Десек те бұрыннан кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан кәсіпкерлер де жетерлік. Олар да төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып қалды. Мұндай азаматтар өз жеке кәсібінің иесі емес, жұмысшы ретінде 42500 теңгеге өтініш бере алады", - дейді шенеунік.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды