Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда боди массаж салонының атын жамылып, интимдік қызмет ұсынғандар ұсталды (видео)

Боди массаж
Фото: Видеодан скрин

Алматыда боди массаж қызметін көрсететін салондардың атын жамылып, интимдік қызмет ұсынылған екі мекенжай анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы полициясының мәліметінше, мекенжайдардың біріншісі – Чайковский көшесіндегі үйде болса, екіншісі Төреқұлов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, екі нысан да боди-салон ретінде жұмыс істегенімен, онда интимдік қызмет көрсетілген.

Полиция мәліметінше, әр мекенжайдан екі қыздан анықталған. Олардың барлығы басқа жақтан келген. Арасында Қарақалпақстанның бір азаматы бар.

Төртеуі де Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Қазір олардың жеке басы анықталып, өзге құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Полиция мұндай қызметке орын берген пәтер иелерінің әрекеттері де назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Оларға құқықтық баға беріліп, тексеру нәтижесі бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы пәтерлердің бірін жезөкшелер притонға айналдырғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 20 Қазан, 2026 21:14