Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ақшаға интидік қызмет көрсеткен жезөкшелер притоны анықталды

притон пәтер полиция
Фото: Видеодан скрин

Алматының Алмалы ауданында полицейлер ақшаға интимдік қызмет көрсетілген пәтерді анықтады. Оқиға орнында екі әйел болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде екі әйел болған. Оның бірі – Қарасай ауданының 35 жастағы тұрғыны, екіншісі – Қостанай облысынан келген 20 жастағы танысы. Полицияның мәліметінше, екі әйел де ақша үшін интимдік қызмет көрсеткендерін мойындаған.

Әйелдер Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесінде әйелдер мен пәтер иесінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Полиция пәтерді жезөкшелікпен айналысу үшін әдейі беру де заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 08 Қазан, 2026 23:52