Декреттегі аналарға 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш білдіруге рұқсат берілді
Баласы бір жасқа толған декреттегі аналар бірыңғай жиынтық төлемін төлеп 42500 теңгелік жәрдемақыға іліне алады. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Декретте отырған әйелдерге мемлекет тарапынан жәрдемақы баласы бір жасқа толғанға дейін беріледі. Баласы бір жасқа толғаннан кейін олар жұмысқа шыға алатын еді, бірақ қазіргі еліміздегі жағдайды ескерсек, бұл мүмкін болмай тұр. Сондықтан декретте отырған аналар егер демалыста жатқанына бір жыл болса, бірыңғай жиынтық төлемін төлеп, 42500 теңгеге өтініш бере алады", - деді Нұрымбетов.
Осыдан бес күн бұрын министрдің өзі декретте отырған әйелдер 42500 теңгеге үміттенбей-ақ қойсын деп кесіп айтқан болатын. Десек те көп ойлана келе үкімет өз шешімінен бас тартқан сыңайлы.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады