Қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек рекорд орнатып, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық олимпиа комитетінің мәліметінше, ерлер арасында S10 санаты бойынша 100 метрге шалқалай жүзу сайысының финалында Диас Кенжебек 1 минут 1,98 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол Азияның бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартқан.
Сондай-ақ 20 қазанда Диас Кенжебек SM10 санатында 200 метрге кешенді жүзуден 2:21.61 уақыт нәтижесін тіркеп, күміс медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі. Ал Диас Кенжебектің еншісінде үш медаль бар. Ол бұған дейін 100 метрге еркін стильде жүзуден (S10) күміс алған еді.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық дзюдошы Бексұлтан Құлмырза Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алғаны туралы жазған едік.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"