Алматы мен облыста екі күн бойы телеарналар мен радио хабар таратпайды
Алматы мен Алматы облысының тұрғындары “Көктөбе” телемұнарасындағы техникалық жұмыстарға байланысты уақытша теледидар көре алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хабар тарату саласындағы ұлттық оператор "Қазтелерадио" АҚ Алматы қаласының, сондай-ақ Алматы облысының іргелес аудандарының тұрғындарына "Алматы" (Көк-төбе) радиотелевизиялық станциясында (РТС) жоспардан тыс жұмыстар жүргізетінін ескертті.
Теле және радио арналардың хабар таратуы уақытша мына кесте бойынша тоқтатылады:
- 2026 жылғы 21 қазан: 07:00-ден 17:00-ге дейін;
- 2026 жылғы 22 қазан: 07:00-ден 17: 00-ге дейін.
"Қазтелерадио" өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, көрермендер мен радио тыңдаушыларға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жолдың қазылуына байланысты мектептегі сабақ ұзақтығы 30 минутқа қысқарғаны туралы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
