Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыз немесе міндетті төлем жасағандар жәрдемақыны қалай алады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңгелік жәрдемақыны жұмыссыз және міндетті сақтандыру төлемін жасамаған азаматтар қалай қол жеткізе алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрымбетов

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына ешқашан төлем жүргізбеген азаматтар бар. Олар - бейресми жұмыс істеп жүргендер. Мұндай азаматтардың еңбек шарттары жоқ, әйтеуір олар да жоқтың қамын ойлап, тіршілік жасап жүрді. Алайда бұл жұмыскерлер де табысынан айырылып отыр. Президент кешегі сөзінде де айтып кетті: сіздерге рәсімделу ғана қажет. Бұл рәсімделу деген не? Бірыңғай жиынтық төлемін (ЕСП) бір ретте төлесе жеткілікті. Ол қала тұрғындарына 2651 теңге, ауыл тұрғындарына 1325 теңге. Осы төлемді бір рет төлесіңіздер айсайын 42500 теңгені ала аласыздар", - деді Нұрымбетов.

Бұл төлемді қайда жүргізу керек?

Біріншіден, біртұтас банкетерді мобильді қосымшалары бар. Олар: Халық банк, Forte банк, Сбербанк, Жусан банк, Центркредит банк және Kaspi банк. Осы банктерде мобильді қосымшалар бар, сол арқылы бірыңғай жиынтық төлемді аударуға болады. 

Екіншіден, SMS арқылы төлем жүргізуге болады. Ол үшін 5505 нөміріне қала тұрғындары GORODESP және ЖСН, ал ауылдықтар SELOESP және ЖСН-ді жазып жіберуі шарт.

Осыдан кейін үш күн ішінде 42500 теңге сіздердің есепшоттарыңызға түседі. 


Тағы оқыңыз

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр