Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тегін азық-түлік жинақтамасы кімдерге беріледі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов тегін азық-түлік жинағы кімдерге берілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

продукты"Егер жұмыссыз азаматтар жұмыссыз болып тіркеліп, алдыңғы уақытта көп ай бойы жұмыссыз жатса, ондай тұрғындарға президент айтқандай, тегін азық-түлік беріледі. Азық-түлік топтамасына қатысты президент бірқатар тапсырма берген болатын. Осыған байланысты азық-түлік жинақтамасы тегін таратылатын азаматтардың санаты бекітілді", - деді министр.

Азық-түлік топтамасын кімдер ала алады?

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып жүрген барлық балалар;

Барлық топтағы мүгедектерге, кемтар балалар;

Мүгедек балаларды қарап отырған ата-аналар;

Ресми түрде жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз болып тіркелген азаматтар.

Еңбек министрі азық-түлік топтамасы бір жарым миллионнан астам адамға таратылытанын атап өтті. Айтуынша, аталған жәрдем түрін тағайындау жергілікті әкімдіктерге тапсырылады. 


Қазақстанда 42500 теңгелік жәрдемақыны төлеуді қадағалайтын сайт құрастырылды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр