Берік Уәли: Президент бейбіт шерушілерді қылмыстық қудалауға қарсы
Мемлекет басшысының түпкілікті ұстанымы – Қазақстан азаматтарының бейбіт митингілерге құқығы болуы керек, сондықтан қаңтар оқиғасына бейбіт шерушілер ретінде қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы тиіс. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өздеріңізге белгілі, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокуратураға жаппай тәртіпсіздіктер кезінде түрлі заң бұзушылықтар үшін ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды.
"Президент ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда жазаны жеңілдету шараларын қолдану мүмкін деп санайды. Бейбіт шерулерге қатысушыларды жауапқа тартуға болмайды деп есептейді Президент. Оның принципті ұстанымы – бейбіт жиналыстар мен митингілер тиісті талаптарға сай өтуі керек. Енді қалалардың орталық аудандарында митингілер мен жиындар өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілету жолындағы үлкен қадам", – деп жазды Берік Уәли.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр