Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі ұстаз, ғалым Бауыржан Әлиұлы өмірден өтті

Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ұстаз, ғалым Бауыржан Әлиұлының қайтыс болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаралы отбасына көңіл айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ұстаз, ғалым Бауыржан Әлиұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.

"Бауыржан Әлиұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Бұл – діни саладағы барша қызметкерлер үшін үлкен қайғы. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, діни саладағы барша қызметкерлерге, өзімнің және ҚМДБ ұжымы атынан қайғыра көңіл айтамын.

Оның әсерлі уағыздары мен пайдалы дәрістері шәкірттердің жадында мәңгі қалады деген сенімдемін. Алла Тағала Бауыржан Әлиұлы бауырымызды алдынан жарылқап, мейріміне бөлегей. Жаратушы Иеміз артында қалған отбасы мен туыстарына көркем сабыр нәсіп етсін. Әмин" делінген Бас мүфтидің көңіл айту жедел хатында.

Желі қолданушылары қайырлы болсын айтып, отбасына сабырлық тіледі. 

“Жақсы азамат еді… Білімі де, даналығы да, үлгісі үлкен имам бауырымыз еді. Жаны жаннатта болсын! Бәріміз Аллаға тәнбіз, бәріміз де Аллаға қайтушымыз!”. – деп жазды Мұхамеджан Тазабеков.

“Жақсылықтың нышаны емес, ғалымдардың азаюы! АЛЛА ТАҒАЛА алдынан Жарылқасын!”, “Ғалымның қайтыс болуы білімнің кетуі. Үлкен бір білім арамыздан ажырады”, “Иманы саламат болсын! Сапарлас болып едік”, “Алла алдынан жарылқасын! Жақсы адам еді”, “Фирдауси жәннатында болсын! Жақсы адам еді!”, “Иманы саламат болсын. Алла Тағала рахымына алып мейіріміне бөлесін. Жаны жәннатта болсын”, деп жазды желідегілер. 

Талқылау