"Бекер соттасыппын": Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханмен арада болған жағдайға өкінетінін айтты
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жайдарманшы, әзілкеш Нұрболхан Шараповпен соттасқаны үшін ұялатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/sultankyzy/nnurbolkhann
“Нұрболханмен бекер соттасыппын. Қазір түсініп отырмын, ол да эмоциямен кетті, мен де эмоцияға беріліп кеттім. Өзіне де күліп айтамын, “кіші болып сен қоймадың, үлкенмін деп мен тоқтамадым” дедім. Біздің ақымақтығымыз да сонда болды. Ол да жеке де, елдің көзінше де кешірім сұрады. Ол да ұялатынын айтты. Ол да біздің болмашы дүние үшін қырық пышақ болғанымызды түсініп тұр. Қазір ойлап отырсам, сол кезде ол менің қытығыма тиген болуы керек”, – дейді тележүргізуші.
Еске салайық, КТА ойыншысы, әзілкеш Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызы мен оның жүргізген бағдарламасын сынға алған еді. Дау халықтың көз алдында өршіп, іс сотқа дейін жетті. Істе әзілкеш жеңіп шықты. Ол өндірілген ақшаны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан еді.
Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің ашуға ерік берген сәттері туралы айтқан еді.