Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шығынның бәрін төлетемін. Енді мен қайырымдылық жасаймын": Шарапов Сұлтанқызынан өндіретін ақша туралы

8 қараша күні сотта жеңіске жеткен Нұрболхан Шарапов тележүргізушіден өндірген ақшаны қайда жұмсайтынын бөлісті. Айтуынша, алдағы уақытта ол қаражаттың барлығын науқас балаларды емдетуге бағыттамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Құрманның Youtube арнасына сілтеме жасап. 

Нұрболхан ШараповСурет: instagram.com/sharapov_nurbolkhan/

«Ол кісілерге Нұрболхан сотта жеңіп шыққан жағдайда бүкіл моральдық шығынды төлейсіздер деп ескертілді. Сондай-ақ, адвокаттарға миллион-миллионнан. Өйткені мен адвокаттарға өз қалтамнан шығардым. Мен ол шығынның барлығын төлетемін. Ол шамамен 4-5 миллион болуы мүмкін. Бүкіл шотты алып, ауруларға енді мен қайырымдылық жасаймын», - деді Нұрболхан Шарапов. 

Әрі қарай ол соңғы кезде қайырымдылыққа бет бұрып, тіпті, желіде арнайы парақша ашып үлгергенін бөлісті. 

«Бүкіл халықтың көзінше жасырып, өтірік айтты демесін. Жария сауап немесе басқаларға жария сабақ болсын. Жария ретінде бүкіл ауру балалардың барлығын іздеп табамын. Соңғы кезде сәбилер жыламасын деген парақша аштым. Енді сол кісіден шығынға алған ақшаның барлығын қайырымдылыққа жіберемін», - деді әзілкеш. 

Естеріңізге сала кетсек, Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі өзіне не дегені туралы айтқан еді. 

Талқылау