Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байқамай қағып өткен: Үшарал дәмханасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды

Үшарал қаласында жергілікті дәмханаға келушіні өлтірді деген күдікпен ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Қайғылы оқиға қаңтардың 2-сінен 3-не ауған түні жергілікті дәмханалардың бірінде орын алған. Пышақ жарақатын алған 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізіліп, ес жимастан қайтыс болып кеткен.

Оқиға орнына жеткен полицейлері дәмхана жұмысшыларынан жауап алып, зардап шегушіні төбелес кезінде белгісіз ер адамның пышақтағаны анықталған.

Полиция қызметкерлері сыртқы бейнебақылау камерасындағы видеожазбаны тексеріп, күдіктіінң тұлғасын анықтаған.

«Күдікті мен зардап шегушінің дәмхана қонағы болғаны анықталды. Дәмханадан шыққан кезде біреуі екіншісін байқамай қағып өткен. Салдарынан ер адамдардың арасында дау туып, артынан бір-біріне жұдырық сілтей жөнелген. Нәтижесінде ұсақ жанжан адам өліміне алып келді», – деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабына сәйкес (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тұтқындалған ер адам Алакөл АІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына  тоғытылған.

Оқи отырыңыз:

Әсел Сәдуақасова өзі туралы жаңа фильм түсіріп жатқанын айтты

Тұрсынғали Алагөзов пен Динара Сәтжан бірігіп бизнес ашпақ

Актер Дидар Кәден ғашығымен кездесе алмай жүргенін айтты

Жанар Айжанованың қызы өз қолымен бетін бояп, анасын шошытып алды (видео)

Талқылау