Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байден Путинді "әскери қылмыскер"деп атады

АҚШ президенті Джо Байден ресейлік әріптесі Владимир Путинді "әскери қылмыскер" деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап. 

путин байден

Журналист президентке "Болған оқиғалардан кейін ресейлік әріптесін әскери қылмыскер деп атай ала ма?” деген сұрақ қойған екен. Бұл сұраққа Байден алдымен теріс жауап беріп, кетіп қалған. Алайда бірнеше минуттан кейін ол журналистке қайта барып, оның сұрағын қайталады, "ол әскери қылмыскер" деп жауап береді.

Кремльде бұл мәлімдемеге жауап берді.

“Владимир Путинді "әскери қылмыскер" деп атаған АҚШ президенті Джо Байденнің сөздері әдепсіз және кешірілмейтін теңеу. Бомбаларынан бүкіл әлемде жүздеген мың адам қайтыс болған мемлекет басшысының  мұндай теңеуі  кешірілмейді деп санаймыз", — деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ТАСС-қа берген пікірінде.

Сәрсенбіде америкалық көшбасшы Украинаға 800 миллион доллар қосымша көмек беру туралы мәлімдеме жасады. Бұған дейін АҚШ 200 млн доллар көмек көрсеткен болатын.

Америка президенті бұған дейін Путинге қатысты осындай мәлімдемелер жасаған. Өткен жылдың наурыз айында Байден Ресей президентін “қылмыскер” деп атаған. Кейінірек, Ресей мен АҚШ басшыларының Женевада кездесуінде  Америка Құрама Штаттарының президентіне дәл осындай сұрақ қойылды, ол сұраққа нақты жауап бермеді.

"Менің ойымша, ол бұрын бірқатар нәрселерді жасай алатын мүмкіндігі болғанын мойындады. Бірақ маған бұл сұрақты эфирде қойғанда, шынайы жауап бердім, сол жауабымды көріңіздер", – деді ол кезде президент.

Путин әріптесінің сөзіне былай деп жауап берді.

"Кім осылай атаса, оның өзінің сондай болғаны", – деді Путин. Осыдан соң Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Мәскеуге "кеңес алу үшін" шақырылды.

Талқылау