Байбек орнынан кетті: Алматы әкімі ауысты
Алматы қаласына жаңа әкім келді. Бұл лауазымға Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бақытжан Сағынтаев 2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.
Бүгінде Тоқаев Сағынтаевты президент әкімшілігі басшысының лауазымынан босату туралы жарлыққа қол қойды.
"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын", - делінген президент қаулысында
Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Байбекпен Алматы қаласын төрт жылға жуық (2015 жылдан бастап) басқарды.
"Алматы қаласының мәслихаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Бақытжан Сағынтаевты Алматы әкімі қызметіне мақұлдады", - деді кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов желідегі парақшасында.
Бауыржан Байбек Instagram-да оңтүстік астана тұрғындарымен қоштасты. Қоштасу жазбасында не айтылғанын мына жерден оқи аласыз.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту