Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазды
Продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев түрмелен мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазды.

Айта кетейік, Бақытбек Есентаев 2016 жылдың 10 маусымынан бастап жазасын өтеуде. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Есентаевтың аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 9 жылға сотталғанын және уақытынан бұрын босап шығу туралы өтінішті тек мерзімінің үштен екі бөлігін (6 жыл) өтегеннен кейін беруге болатынын хабарлады. Бұл мерзім биыл 10 маусымға сәйкес келді.
Есентаев 2016 жылы сол кездегі жары Баян Мақсатқызын ұрып-соққаны және пышақ жарақатын салғаны үшін сотталған еді.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"