"Тапқандаймын": Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасына жар іздеп жүр
Баян Мақсатқызының экс-күйеуі абақтыдан шықпастан, қарындасы оған жар іздеп жүр. Нағима Есентаева ағасы Бақытбек Есентаевқа лайық болатындай жанды тапқанын айтады. Тек екеуінің қосылу-қосылмауы әзірге уақыт еншісінде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өздеріңіз білесіздер. Неше жыл болды жаныма жақын жеңге болар жан іздеп жүргеніме.. Жайын түсініп, ағатайымның жанына жалау болар, жүрегіне жылыулықпен жол табар деген жанды тапқандаймын.
Бірақ ары қарай танысып, екеуі кездескен соң, таңдау мен шешім өздерінде ғой.
Дегенмен де осы жан жеңгем болса, өкінбес едім деген менің ойым", - деп бөлісті Есентаева Instagram-да.
Айта кетейік, Бақытбек Есентаев 2016 жылы сол кездегі жары Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақатын салғаны үшін 9 жылға сотталды. Танымал продюсер жуырда экс-күйеуіне жақсылық тілейтінін, оның бостандыққа тезірек шыққанын қалайтынын айтқан еді.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген
"Күйсандық", "қылтима", "үнқағаз": Тоқаев күмән келтірген қазақша аудармалар қаншалықты сәтті
Мамандар қазақ тіліндегі барлық кірме сөзге міндетті түрде балама табу қажет деген пікірмен келіспейді