Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова тараздық оқушы Исаак Мустопулодан қолтаңба алды

Баян Алагөзова тараздық оқушы Исаак Мустопуломен кездесті.

“Бүгін біздің рөліміз ауысты. Мен Исаак жайлы көп оқығанмын. Ол емес, мен одан қолтаңба алдым. Ол мені мүлде танымайды. Осы арада таныстық. Исаак «Только не говорите, это слишком…» кітабының кейіпкері. Кітап авторы Гүлнәр Бажкенова. Жақында ол менің кітабымды оқып еді, енді мен оның кітабын оқымақпын”, – деп жазады Алагөзова желіде.

Желі қолданушылары жас ғалымға сәттілік тіледі. Баян Мақсатқызының қарапайымдылығына оң баға берді.

Айта кетейік, церебралды сал ауруына шалдыққан қазақстандық 15 жастағы Исаак Мустопуло әйгілі физика, профессор Стивен Хокингпен Лондонда кездесті. Исаак Лондонға барған сапарында Хокингпен кездесуден бөлек, Лондон ғылым музейі мен Кембридж университетіне де барған.

Сал ауруына шалдыққан Исаак Тараз қаласындағы №13 мектепте оқиды. Бірақ, сырқатына қарамастан ол 2015 жылы оқушылар арасындағы ұлттық инновациялар конкурсының арнайы сыйлығына ие болды. Содан бері Исаакты Қазақстанның түкпір-түкпірі, тіпті, шенеуніктер де танып, біле бастады. Сол кезде Инвестициялар және даму министрлігін басқарған Әсет Исекешев те Исаакпен танысып, онымен түскен суретін бүкіл әлеуметтік желіге таратқан болатын.

Тағы да оқыңыз:

Алтынбек Қоразбаев: Елбасының өзі министрлікке шақырғанда бас тартқанмын

Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын айтты (видео)

Ақбота-Нұр: Біреудің тоқалы болғаным да жетеді

Талқылау