Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының әкімі той жасағандар туралы хабарлаған тұрғындарға ақша төлемек

Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына той мен басқа да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырғаны үшін ақша төлемек. Бұл туралы өңір басшысы Ғали Есқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Есқалиев

"Біз түрлі мерекелік жиын өткіздер жайлы айтқандарға қосымша сыйақы тағайындау туралы бастама көтеріп отырмыз. Біреулер бұны сөз тасу деп қабылдауы мүмкін. Алайда бұл қате түсінік. Бұл қоғамға деген көмек. Сол үшін ақша төлемекпіз", - дейді әкім. 

Қазіргі таңда бұл үшін тіпті әкімдіктен ақша да бөлініп қойыпты. 

"Арнайы комиссия той жайлы хабарлағандарға қанша ақша төленетіні жайлы шешім шығарады. Ал өзінің жақындары мен отбасылары үшін алаңдаған адамдар тойлар мен садақа беру туралы Батыс Қазақстан облысының тауаралар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін қадағалау қызметіне немесе полицияға хабарласын. 130 мониторинг тобы күні бойы тексеріс жұмыстарын жүргізумен айналысады", - деп қосты Ғали Есқалиев.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап елімізде карантиндік шектеулер жеңілдетілген еді. Десек те қазақстандықтарға түрлі мерекелік жиын өткізуге әлі де болса тыйым  салынған. 

Талқылау