Батыс Қазақстан облысында оқушыларды олимпиадаға өз бетімен жіберген мұғалімдер жазаланады
Атырау облысында оң жақ рөлді көліктің жүргізушісі алты оқушыны өз бетімен алып жүрген. Мұны Орал-Атырау тас жолында полиция қызметкерлері Toyota Estima көлігін тоқтатқан кезде анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөз таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүргізушінің Оралға облыстық олимпиадаға бара жатқан алты оқушыны заңсыз тасымалдағаны белгілі болған. Олардың барлығы облыс орталығынан 315 шақырым жердегі Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылының тұрғындары болып шықты. Оның үстіне көліктің рөлі оқ жақта екені анықталған. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев такси жүргізушілеріне оң рөлді көліктермен адам тасымалдауға тыйым салған.
Жүргізушінің өзі мұғалімдердің өтінгенін, бірақ балаларды өздері ертіп бармай, басқа көлікпен кетіп қалғанын түсіндірген.
“Мен такси емеспін, маған тек мұғалімдер өтініш жасады. Жол ақысын алған жоқпын, тек олардың есебінен жанармай құйдым”, – деп келтіреді портал жүргізушінің сөзін.
- Ақтөбеде адам өліміне әкеп соққан апатқа түскен оқушылар оқиғадан кейін бірден олимпиадаға қатысуға жіберілген
- Ата-аналары жібергісі келмеген: Ақтөбе облысында екі оқушы мен мұғалім қаза тапқан жол апатына қатысты тың деректер пайда болды
Полицейлер жүргізушіге қатысты "Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарламасыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сол сияқты әрекеттерді (операцияларды) жасау" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Оның көлігі айып алаңына қойылып, балаларды патрульдік көлікке мінгізген. Тәртіп сақшылары мектеп оқушыларын өздері жеткізіп салғаны айтылады.
Сонымен қатар балаларды бас-көзсіз қауіпті сапарға жіберген Шабдаржап ауылындағы мектеп мұғалімдері де жазаланады.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 19 желтоқсанда мектеп оқушылары мұғаліммен бірге олимпиадаға бара жатқан сәтте қайғылы оқиға болған. Жол-көлік апатының салдарынан екі мектеп оқушысы мен бір мұғалім қаза тапқан.