Батыс Қазақстан облысында мессенджерлер арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасы анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мессенджерлер арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"WhatsApp" және "Telegram" мессенджерлері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тарта отырып, "BINCLOUD" қаржы пирамидасы ұйымдастырғаны анықталды.
"BINCLOUD" бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады”, – делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен қатар клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады.
Агенттік "BINCLOUD" бағдарламасына қатысып, зардап шеккен азаматтардан Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады