Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті
Қайғылы жағдай 11 шілде күні Ақжайық ауданындағы Мерген ауылында болған. 13 жастағы екі қыз бен 12 жастағы қыз Жайыққа суға шомылуға кетіп, қайтып оралмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Орал апталығы” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Жасөспірімдер жоғалып кеткен күні кешке ата-аналары төтенше жағдай қызметіне жүгініп, көмек сұраған. Қызметкерлер қыздарды іздеу жұмыстарын сол сәтте бастап кетті.
Қыздардың денесі 12 шілде күні таңертең табылды.
“Мерген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері үш қыздың қайтыс болғанын растады”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Шомылу маусымы басталғалы облыста 6 бала суға кетті.
Бұған дейін Атырауда 10 жастағы қыздың бассейнге батып кеткені туралы жазған едік.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған