Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас санитарлық дәрігер: Көшеде масқа тағу міндетті

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова көшеде бетперде тағып жүру міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айжан Есмағамбетова 

"Бүгінде карантин жағдайында үйде де, сыртта да бетперде кию міндетті болып табылады. Осыны ескере отырып, талаптар қойылады және осы талаптарды орындамаған Қазақстан азаматтары жауапқа тартылады. Бұл масканың инфекцияның таралуынан шынымен қорғайтындығы дәлелденді, өйткені коронавирус әуе тамшыларымен өтеді, оның жоғары жұқпалы екендігіне ешкім күмән келтіре алмайды", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер көшеде бетперде киюге қатысты мұндай талап 26 маусымдағы 43-қаулыда көрініс тапқанын атап өтті.

"Адамның қолы - инфекцияны тасымалдаушы басты құрал. Инфекцияның шырышты қабық арқылы берілуі байқалуда. Біздің бетімізге қолымызды кем дегенде 5-6 рет тигіземіз. Бұл аурудың берілу жолдарының бір", - деп ескертті ол.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, барлығы 4500 заң бұзушылық анықталған.

"Құқық бұзушылықтардың төрттен бір бөлігі маска режимін бұзумен байланысты болды. Біз мобильді топтармен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз", - деді Калайчиди.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр