Бас прокуратура Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істің неліктен тоқтатылғанын түсіндірді
Бас прокуратура Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық істің неліктен тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов журналистердің Мәнізоровтың ісінің тоқтатылуына қатысты сұрағына жауап берді. Айтуынша, әкімнің орынбасарына қатысты қозғалған қылмыстық істе қылмыс құрамы болмаған. Осыған байланысты шенеуніктен айыптаулардың барлығы алынған.
«Оған қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеймін», - дейді Ахметжанов.
Сонымен қатар ол Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс қозғағандардың жауаптылыққа тартылуы мүмкін екенін айтты. Олар тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың тұтқындалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алматы облысы әкімінің орынбасары тұтқындалғаны расталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"