Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура қаңтар оқиғасынан кейін жоғары лауазымды полицейлердің неліктен тұтқындалғанын түсіндірді

Қаңтар оқиғаларынан кейін елімізде ҰҚК мен бірнеше облыстағы полиция департаменттерінің лауазымды қызметкерлері күдікке ілініп, қамауға алынған еді. Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов олардың неліктен қамауға алынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қаңтар

"ҰҚК және Алматы, Жамбыл мен Қызылорда облыстарындағы Полиция департаменттерінің, Алматы әуежайы ғимаратын қараусыз қалдырып кету дерегі бойынша жұмыстар жалғасады. Бұл орган жетекшілері күдікті ретінде танылған.

Бұған дейін Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталған болатын. Ол қызметтік қаруды сақтауға жауапты болған және арсеналдың бір бөлігін талан-таражға салуға жол берген. Салдарынан қылмыскерлер 610 қару-жарақ, соның ішінде пулемет, тапанша және гранатометтерді алып кетті", – деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 206 қару ғана табылған, қалғаны қылмыскерлер қолында.



"Сондай-ақ Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы да ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамай, әуежайды қараусыз қалдырған, сол арқылы оны басып алуға мүмкіндік берген. Салдарынан қомақты шығын келтіріліп, әуежай инфрақұрылымы бұзылып, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланып, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді", –  деді Қымылжанов.

Оның айтуынша, бұл ретте әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері болған, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкері. Олардың бәрі шабуылды тойтару үшін жеткілікті атыс қаруымен қаруланған. 

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте қаңтар оқиғаларын қаржыландырды деген күдікпен бір азаматтың қамауға алынғанын хабарлаған едік. 

Талқылау