Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура қаңтар оқиғалары бойынша тергеу жұмыстарына араласқысы келетіндердің жауапқа тартылатынын ескертті

ҚР Бас прокуратурасының бірінші қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғаларына байланысты тергеу қорытындысымен келіспейтіндер департаментке қысым көрсетуге тырысып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жеке тұлғалар әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы заңсыз талаптар қойып, қабылданған процессуалдық шешімдермен келіспегендіктен тергеуге қысым көрсету мақсатында қылмыстық істерді тергеу барысына араласады”, - деді Қилымжанов.

Бас прокуратураның өкілі тергеу әрекеттеріне арыздар мен шағымдар беруге адвокаттар, қорғаушы тараптың заңды өкілдері және жәбірленушілер ғана құқығы бар екенін еске салып өтті. Ол сондай-ақ тергеу органдарының процессуалдық шешімдеріне немесе әрекеттеріне шағымданудың нақты тәртібі бар екенін жеткізді.



“Қылмыстық процеске қатысушылар мен қорғаушылардың назарын осы заң нормаларының мүлтіксіз сақталуына аударғым келеді. Прокуратура органдары барлық қылмыстық істер бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететінін тағы да атап өткім келеді", - деді прокуратура өкілі.

Бас прокуратура сонымен қоса тергеу барысында басқа тұлғалардың араласуы үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған қосып өтті.

Талқылау