AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстаннан біржолата көшемін": Қаңтарда 4 жасар қызы қайтыс болған Айдос Меделхан отбасының қазіргі жағдайы туралы айтты

Қаңтарда 4 жасар қызынан айырылған алматылық Айдос Меделханның Қазақстаннан көшіп кеткені туралы ақпарат шыққан еді. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде маңдайына оқ тиіп көз жұмған Айкөркемнің әкесі отбасын алып, кетуге мәжбүр болғанын айтады. Алайда қазір ол елге отбасымен қайтып оралған. Қысқа уақытқа көшу себебін сол кезеңдерде жан-жақтан қысымның көбейіп кетуімен түсіндіріп отыр. Отбасының қазіргі жағдайы мен алдағы уақыттағы жоспары туралы Stan.kz тілшісі білді.

Айдос Меделхан, Алматы арнасы

Айдос Меделхан отбасының қауіпсіздігі үшін алаңдаған соң мемлекеттік қорғауды талап етуде. Оның бұл өтініші екі айдан бері қарастырылмай келеді. Шарасыздықдан әбден шаршаған отбасы бірер ай шетелде тұрып келген.

“Балаларымды біраз уақыт жасыра тұруға тура келді. Дәл сол сәтте үлкен ұлыма да қастандық жасай бастады. Сол уақыттарда Алматы мен Атардың арасында жұмысқа барып жүргендей күніге жүріп қалдым. Адвокатымды ілестіріп алып барлық станцияларға кіріп шығуға тура келді. Мемлекеттік қорғауды сұрағаныммен, әлі күнге дейін бермеді. Шамамен екі айдан асты”, – дейді ол.

Осы дүйсенбіде Қазақстанға келгенін айтқан ол ұлы әскерден келген күннен бастап, Қазақстаннан біржолата кетемін деп шешкен.

“Баламның жағдайы қатты ауырлаған уақытта келіншегіме хабарласып көмек сұраған. Маған хабарға шыға алмай, келіншегіме хабарласқан, – дейді ол.

Айдос Меделханның үлкен ұлын әскерге алып кеткен. Оның өзін алысқа жіберуге әке жүрегі шыдамай, қасына алдыртқан. Қазір ол балаларының қауіпсіздігіне алаңдаулы.

“Атардағы әскери бөлімшеден Алматыға алдырттым. Оқу бітіріп, диплом алған соң сәуір айында алып кеткен болатын. Ол жақта әскерилер тарапынан психологиялық тұрғыда қысым болған. Біраз жүгіріп Алматыға алдыртып алдық. Адвокаттың қатысынсыз оған тергеу жүргізілмеуі, тіпті оған қатысты ешқандай іс-әрекеттің орындалмауы туралы хабарлама қалдырып кеткен күннің өзінде оны Әскери-тергеу басқармасына алып шыққан. Бұл туралы ұлым маған өзі хабарға шығып айтты. Дер кезінде үлгеріп, адамдарды жіберіп жолдан алып қалдық. Кейіннен әскери бөлімнің басшысымен сөйлесуге бардық. Әскери бөлімшемен сөйлессек, "Бізден жоғары тұрған лауазымдар, адамдар бар. Менің қолымнан көп нәрсе келмейді. Сіздің ұлыңыздың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймын" - деп жауап қатты ол. Бұл басшының бірінші орынбасарының жауабы. 

Қазір отбасының үлкен ұлы, Қаңтар кезінде қайғылы жағдайға куә болған жасөспірім Алматы қаласындағы бөлімде әскерде борышын өтеп жатыр.

“Осыған дейін де отбасы мүшелерім мен балаларыма қатысты “бірдеңе болуы мүмкін” деп, өзіме сес көрсетіп, қорқытпақ болған. Бұл нәрсені мен үнемі айтып жүрмін. Қазір енді біресе қызым, енді үлкен ұлым. Менің ең жанды жерім..”, – дейді ол.

Сөзінше, қазіргі уақытта адвокатымен бірге әділеттілікке жету жолында күресіп келеді.

“Бұйрықты кімнің бергенін біз білеміз. Бізге енді нақты кімнің атқанын анықтау қажет. Адвокатымыз екеумізге ешқандай құжаттарды бермейді. Жарияламау туралы қолхат жазып беретін болсақ қана, береміз деп отыр. Тергеу протоколын, көшірмесін де қолхатсыз бермейді. Мен олармен күн сайын ұрысамын. 7 қаңтар күні нақты сол жерде кімдердің болғанын анықтау қажет бізге. Ары қарай көре жатармыз. Мен қолдан келмейтін істі сұрамаймын. Сол адамдарды табу үшін максималды түрде іс-әрекеттер жасау қажет. Ол кісі ешқандай комментарий берместен кері қайтарады”, – дейді ол.

Қазір отбасын жалғыз өзі жұмыс істеп жатқан аналары асырап отыр. Айдос Меделханның өзі жұмыс істей алмайтынын айтады.

“Қазақстандағы барлық жұмыс адамдармен тікелей қатысты. Ал менің психикам бұзылған, адамдармен жұмыс жасай алмаймын. Мен тек әділеттілікті іздеп жүрген адаммын. Әйелім – бухгалтер, қазір өзі ғана бізді асырап отыр, онлайн түрде жұмыс істейді, – дейді ол. 



Балаларының денсаулығын дәрігерге қаратуға да ем-дом шараларын жасау керек дейді ол.

“Қызымды жедел жәрдеммен апарып, қайтадан үйге алып келдік. Бойында әлі 8 жарықшақ бар, соны алдыру керек. Оларды алдырғанға ақша толық жиналмай тұр. 7 оқ тиді, 5 оқты алды. 2 оқ денесін жанап өтіп кеткен. Бәрі жақсы деп жүріп цифрлық  КТ-ға түсіргенде тағы жарықшақтар бар екенін анықтады. Бұл туралы да ешкімнің үн қатып жауап бергісі жоқ. Бір сөзбен айтқанда, ешкімнің көмектескісі келмейді”, – дейді Меделхановтар отбасының отағасы.

“Қазақстан халқына” қоры отбасыға қомақты қаражат бергені жайлы ақпарат та желіде тараған еді. Бұл бұраққа Айдос Меделхан қанша қаражат болса да, қызымды қайтарып бере алмайды деп жауап берді.

“40 млн берді дейді, енді бір жерде 20 млн берді деген ақпараттар бар. Бірақ маған 100 млн теңге берсе де, ол менің сәбиімнің орнын толтыра алмайды. Бауыржан, Жанель, Бекислам, барлығының емі бар.

Айкөркемді моргтен алып кету үшін 2,5 млн теңге бердім. Себебі дене мүшелерін экспертизаға өткізіп жіберуі мүмкін еді.  Мен бұған жол бере алмадым. Қызымды моргтен белгілі бір уақыттан соң алып кетесіз деді. Осылардың барлығы үшін ақша бердім. Туысқанымның көлігін кепілге қойып, алып шықтық”, – дейді ол.

Осыған дейін мемлекеттен берілген пәтерге тіркеле алмай жатқан отбасы мәселелерінің шешілгенін айтады. Дегенмен бұл үй оларға “сыйға тартылған” болып есептелгендіктен, өз аттарына ауыса алмайды. Демек, үкімет қайта алып та қоюы мүмкін дейді Меделханов.

“Пәтер бойынша сату-сатып алуы келісім шарттары болған жоқ. Компания тарапынан сыйға тарту шарты орындалды.  Мұны да кері қайтарып алуы мүмкін дейді. Бұл жағы да түсініксіз. Әйелімнің атына тіркелді. Бұл пәтерді сатып жіберіп, қызымның еміне де жұмсай алмаймыз. Тартып алулары мүмкін, ешқандай кепілдік жоқ”, – дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр