"Бәрі бітті": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісімен айырылысқанын хабарлады
50 жастағы Меруерт Түсіпбаева сүйіктісімен айырылысқанын хабарлады. "Сезімім сөнді" деген өнер иесі енді жүрегінің бос екенін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Өзіңді жерлеп келіп, жапа-жалғыз отырмын. Меңіреумін.
Айналамда қыстыққан еңіреулі үн...
Әлем деген қап-қара бұлтқа оранып,
Жердің бетін кеткен бе-ау құрттар алып,
Есі ауысқан шығар бұл сығыр құдай,
Сосын, сосын... денемді бұрынғыдай
Аймалаған секілді сенің ернің…” – деп өзінің махаббатымен қоштасқан екен кезінде. Осы күндердегі жан сезімімді ақын әпкемнің өлең жолдарымен ғана жеткізе алармын.
Өтінемін, сұрақ қоймаңыздар. Бәрі бітті. Бүгінгі күннен бастап менің жүрегім бос! Енді ешкімді күтпеймін, ұялы телефоным өшіп қалса, алаңдамаймын. Енді тек бақытымды жырлаймын", – деп жазба қалдырды Түсіпбаева желідегі парақшасында.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр