Жәния Джуринская тұңғышын дүниеге әкелді
Жәния Джуринская тұңғышын босанды. Сүйінші хабарды актрисаның жары Данияр Хизметов көпшілікке жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"16.06.2022 күні сағат 14:57-де біз ата-ана атандық. Рахмет, махаббатым", – деп бөлісті ол.
Жұлдызды жұптың отбасында қыз бала дүниеге келген.
Данияр босану кезінде әйелінің жанында болғанын айтты. Ал Жәнияның өзі шок күйде екенін жасырмады. Ол "есін жиған соң" байланысқа шығуға уәде берді.
Бұған дейін Джуринская отбасында қыздан қарағанда ұлға көбірек қуанатын қазақстандықтарды сынға алған еді.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”