"Көзімнен жас аққанша ызаланамын": Жәния Джуринская қыздан гөрі ер балаға қуанатын ата-аналарға шамданды
Жәния Джуринская ер мен әйелдің қоғамдағы теңсіздігі туралы сөз қозғады. Ай-күні жақындап, тұңғышын күтіп жүрген ол қыздан гөрі, ер баланың дүниеге келгеніне қуанатын ата-аналарға шамданды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жәния Instagram парақшасында зорлық-зомбылыққа ұшырап, соған көндігіп жүре беретін әйелдер мәселесін көтерді. Ол той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген ер адамның видеосын жариялап, ондай адамдарды "жек көретінін, бар жамандықты тілейтінін" айтты. Сондай-ақ отбасында қыз бен ұлды бөлетін ата-аналарға шамданды.
"Шынымды айтсам, бұл нәрсе көзімнен жас аққанша менің ызама тиеді. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда қыздан қарағанда, ер баланың дүниеге келгеніне қаттырақ қуанады. Кешірім сұраймын, бірақ қызға Ұлболсын, Ұлдана, Ұлпан деп есім беретін ата-аналарға таңғаламын.
Қызыңды солай атасаң, келесі перзентің ұл болады деген сенім бар. Ал қыздың өзін керексіз сезініп өсетіні оларды алаңдатпайды", – деді Джуринская.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге