AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зарина Омарова: Жолдасым басқаның қолынан тамақ ішпейді

Зарина Омарова бірер күн бұрын 40 жасқа толып, туған күнін дүркіретіп атап өтті. Әнші он жылға жуық декреттік демалыста болып, осыдан төрт жылдай бұрын сахнаға оралды. Айтуынша, өнерді қайта қолға алуына жолдасы қарсы болмаған. Әйтсе де, бүгінгі таңда әрдайым қолдамайтын көрінеді. Бұл туралы әнші "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында бөлісті.

"Жолдасым үнемі қолдайды деп айта алмаймын. Бірақ әйел адам болғаннан кейін, бәріне үлгеруің керек. Аллаға шүкір, бәріне үлгеріп жүрмін. Менің жолдасым басқа біреудің қолынан тамақ ішпейді. Түскі асты тек үйден ішеді. Егер мен өзім бір жаққа кететін болсам, бәрін дайындап кетемін. Күшті, тез дайындалатын еуропалық тағамдар тауып алып, соларды жасап беремін. Күйеуіме ұнайды. 



Барлығы өз қолыңда. Бәріне үлгеруге болады. Ең бастысы, менің сахнаға деген сағынышым, ынтам. Ең бастысы, күйеуімнің айтқан бір сөзі бар: "Менің артымнан қанша қала аралап жүрдің. Он жылыңды маған, менің жұмысыма арнадың. Енді сенің кезегің", - деді. Бірақ ол менің артымнан жүрмейді, өйткені ол ер азамат", - дейді Омарова.

Әншінің айтуынша, күйеуі бұған дейін құқық қорғау саласында қызмет етсе, бүгінде Ұлттық компанияда жұмыс істейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр