AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шетте қалып кетемін": Танымал композитор шәкірті Ернар Айдарға ренішін айтты

Танымал композитор Қуаныш Құрманбаев шәкірті Ернар Айдарға деген өкпесін айтты.  Ернар көпшілік ортада ұстазы ретінде тек Бауыржан Есебаевты атап, ал бұл кісіні ұмыт қалдырады екен. Әйткенмен, әнші қателігін түсініп, сазгерден жеке кешірім сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Оны халық та біледі. Арамызда екі-үш жылдай кішігірім жағдайлар, түсініспеушілік болды. Білесіздер ғой, өнер адамдарына сәл бір нәрсе жақпай қалса, дереу ренжіп қаламыз. Иә, арамызда мәселе болды. Оның бір сөзімен келіспей қалдым. Сол кезде Ернар Айдарға ренжідім", – деген композитор мәселенің неден шыққанын жасырын қалдырды. Айтуынша, Ернар қателігін түсініп, сазгерден  кешірім сұраған. 

"Ернар кішілігін танытып, кешірім сұрады. Мен де жалпы Ернарды жақсы көремін. Себебі адамгершілігі жоғары, өте жақсы жігіт. Жасы кіші болса да, одан жақсы нәрселер алуға болады. Ернарды жамандыққа қимаймын. Ол үлкен үміт күттіретін шәкірттерімнің алғашқысы", – деп түсіндірді Құрманбаев.



Алғашқыда түсініспеушіліктің неден шыққанын айтпаймын деп сұрақтан жалтарған сазгер көп ұзамай жауаптың шетін шығарды. 

"Шындығын айтқан кезде, Ернар Айдардың ауызында жүрген екі ұстазы бар. Олар — Бауыржан Есебаев пен Қуаныш Құрманбаев. Бірақ көп ортада Бауыржан Есебаевтың аты аталады. Шын мәнінде оған үйретіп, қара терін төгіп жүрген мен шетте қалып кетіп жатамын. Менің атым шыға қойсын деп таласып жүрген мен жоқ. Бірақ біздің осындай еңбегімізді айта жүруіміз керек. Жасыратын болсақ, ешкім білмейді ғой", –  деп түйіндеді композитор.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр