"Бас-миым шайқалды": Жол апатына түскен Толқын Забирова жағдайын айтты
Бірер күн бұрын жол көлік апатына түскен әнші Толқын Забирова тыңдармандарымен байланысқа шықты. Ол қазіргі денсаулық жағдайы туралы айтты. Өнер иесі аурухана палатасында жатқан жерінен видео түсіріп, өзіне алаңдаушылық білдірген барша жұртқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қайырлы күн, достар. Басыма осындай күн түсіп тұрған кезде менің жанымда қанша жанашырларымның барына, осындай қиын сәтті менімен бірге бөлісіп жатқан жандардың барына менің көзім жетіп отыр. Сіздерге көп рахмет. Ең бастысы, аяқ-қолым сау, сынған сүйектерім жоқ. Бас-мидың шайқалуы дегенмен күресіп жатырмыз.
Алаңдамаңыздар. Ем алып жатырмын. Осы айтқан барлық тілектеріңізді Алла тағала қолдап, еселене түссін. Сіздерге мұндай күн төнбесін деп тілеймін. Ал рөлде отырған жандарға сақ, ұқыпты болыңыздар деп айтқым келеді. Өмірге үлкен жауапкершілікпен қарайық", – деді Забирова.
Бұған дейін әншінің жол апатына түскенін хабарлаған едік.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге