AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толқын Забирова жол апатына түсті

Әнші Толқын Забирова жол апатына түсті. Бұл жайлы әншінің өзі айтты. Ол төтенше жайттың қалай болғанын түсіндіріп берді. 

Толқын Забирова жас жүргізушінің кесірінен жол апатына ұшырап, бірнеше концерттерден қалғанын айтты. Әнші өзінің де, өзгенің де денсаулығына салғырт қарайтын жүргізушілерге назын айтты. 

"Алла сақтаған. Алдарына кішкентай балаларын отырғызып машина жүргізіп келе жатқан ата-аналарға не болмаса ұялы телефонына үңіліп қарап, бар жанын беріп, шұқып жататындарға таңғалам. Бұл не? Жауапкершілік қайда? Өзіңді ойламасаң, айналадағы адамдарды ойлау керек емес пе? Осындай біреудің алаңғасырлығынан мен жол апатына ұшырадым. Біздің машинаны соққан жас бала. Мен бір мезгіл есімнен танып, болған жағдайды түсінбеппін. Ол телефонына қарап отырып, тежегішті басуды ұмытып, біздің көлікке келіп соққан кезде ғана бірақ тоқтапты. Денсаулығыма зақым келді, бірталай концерттерден қалдым (отбасымның жағдайын санамағанда). Енді жас бала деп оны кешіре салуым керек пе, жоқ па? Сабақ болсын деп жазалауым керек пе? Алла берген өмірді үзіп жіберудің ешкімнің қақысы жоқ! Соны ұмытпау керек! Біз асыққанмен, Алла асықпайды! Әрине, бұған ешқандай заң шығара алмайсың. Ол заң әр адамның санасында болу керек! Бір-бірімізге жанашыр, мейірімді, жауапты болайық. Амандыққа не жетсін, ағайын! Өмір сүру қандай тамаша", - деп жазды әнші. 

Әнші жас жүргізушіні жазаларын не кешірерін білмей дал. Бұл оқиға өзгелерге сабақ болсын деп ниетті. 

Әріптестері мен тыңдармандары шипа тілеп, өз кеңесін айтты.

“Тез сауығып кетіңіз. Аман болыңыз”, “Толқын жан, тез жазылып кетуіңді тілеймін. Құдай сақтасын әрқашан”, “Шипасын берсінТез сауығып отбасыңызға аман есен оралыңыз”, “Тезірек жазылып кетіңіз, Алла амандық берсін”, “Алла Тағала сізге шипа берсін, Толқын Қалиқызы. Сізді жақсы көреміз”, “Қайырлы таң, қазақтың бір туары, Толқын ханым! Сізге Алла қуат берсін, тезірек сауығып, отбасыңызға аман-есен оралуыңызға тілекшіміз. Орал қаласынан сәлем”, деп жазды олар. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр