Банкоматтан ақша алу кезінде алаяқтар адамды қалай алдайды? (видео)
Ұлыбританиядағы ірі қаржы компанияларының бірі – Barclays банкоматтан ақша алу кезінде алаяқтардың әрекетін көрсеткен.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Barclays-тың мәліметіне сәйкес алаяқтықтың бұл түрі батыс елдерінде көптеп кездесе бастады. Ұлыбританияда ондай алаяқтықтан ондаған адам жапа шеккен, деп xабарлайды.
Бейнероликте екі алаяқтың бір адамды алдап жатқанын көруге болады. Әйел адам алдымен банк клиентінің ПИН-кодын жаттап алады. Сосын оның көңілін өзіне аударады.
Осы кезде екінші алаяқ тез арада пластикалық картадан мәліметтерді алып үлгереді. Артынан алданған адамның ПИН-кодымен ақша алып, тайып тұрады.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте алаяқ тұрғындардың банк карточкасынан ірі көлемдегі ақшаны ұрлап кеткен
Мәскеуде метро қызметкері банкоматта ұмыт қалған 100 мың рубльді ұрлаған
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады