Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банкир Тәтішевтің өлімі: Сотталған Тоқмәди Әблязовтың өзін қалай қорқытқанын жайып салды

Сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди қашқында жүрген олигарх Мұхтар Әблязовтың «ТұранӘлем Банкінің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге қалай тапсырыс бергенін жайып салды. 

Банкир Тәтішевтің өлімі: Сотталған Тоқмәди Әблязовтың өзін қалай қорқытқанын жайып салды

Түрмеде жазасын өтеп жатқан Мұратхан Тоқмәди «Хабар» арнасының «Большая неделя» бағдарламасында жүргізушілердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама барысында Тоқмәди Әблязовтың неліктен Тәтішевті өлтіруге тапсырыс бергені туралы сұраққа жауап берді. 

«Оның тарапынан тікелей қоқан-лоққылар болды. Отбасыма, өз басыма қоқан-лоққы жасады. Арнайы қызметтердің бүкіл жағдайды білетіні, егер келіспесек, тұтқындау, қамау, жоқ қып жіберу немесе отбасымен қиындықтар болатынын айтты», - дейді Мұратхан Тоқмәди.

Сонымен қатар ол Әблязов өзінің банктегі қомақты қарызын жауап беруді уәде еткенін айтты. 

 «Оны бірнеше  кездесуде айтты. Ол Тәтішев екеуіміздің достығымыз, қарым-қатынасымыз туралы жақсы білді. Ержанның өзіне дұрыс жасамағанын, банктегі үлесін өзіне жазып алып, «лақтырып» кеткенін айтты», - дейді сотталған кәсіпкер. 

Ал Әблязов телеарнадағыларға Тоқмәдимен таныс еместігін, оны ешқашан көрмегенін айтты.

Сондай-ақ, бағдарламада Ержан Тәтішевтің бұрынғы күзетшісі, оның өліміне куә болған жалғыз адам Сергей Козликин сұхбат берді.

«Ол шынымен де кісі қолынан көз жұмды. Кездейсоқ атылған оқ емес еді. Менің сол жағымнан оқ атылды. Тәтішевке көмектесу керек екенін  ойладым. Оның рульде жатқанын көрдім. Оның өлімге алып келуі мүмкін ауыр жарақат алғанын көрдім. Артыма бұрылғанда, Тоқмәдиді көрдім. Оның қолында қару болды», - дейді Сергей Козликин.

Айтуынша, осы кезде ол көлікті тоқтатып, ішінен атып шығып, көліктің артқы есігін ашқан. 

«Мен Тоқмәдиді көліктен шығара бастадым. Ол қаруды аяғына қарай лақтырып жіберді. Оның бірінші сөзі: «Мен шүріппені қалай басып жібергенімді өзім де түсінбей қалдым. Бұл қаруды алғым келмеген еді», - болды», - дейді марқұм Тәтішевтің бұрынғы күзетшісі.

Еске сала кетсек, кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди "ТұранӘлем Банкінің" бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып, 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған еді. Сотта Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті Әблязовтың бұйрығымен өлтіргенін мойындады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы тікұшақпен қыдыртты (видео)

Желіде олардың тікұшақта отырған сәтінің видеосы тарады

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Әлем бойынша зейнет жүйесінің рейтінгі жасалды

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Текелі қаласының әкімі: Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын?

"Еңбектеп жүріп, үріп, ұлиды": Ресейде "маугли қыз" табылды (видео)

Анасы 11 жасар қызын бір шөлмек арақ үшін сексуалдық құлдыққа сатқан
Çàãðóçêà...