Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK халық салымдарының өсімі бойынша еліміздегі ірі банктері арасында көш бастады

Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандық банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері алғаш рет 29 триллион теңгеден асты. Ұлттық банк деректеріне сәйкес, халық салымдарының көлемі бір айда 2,5%-ға, ал бір жылда 18%-ға өсіп, жаңа рекорд орнатқан. Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша көшбасшы банктер арасында бөлшек салымдар портфелінің ең жоғары өсімін Bank RBK көрсетті. Банктегі халық депозиттерінің көлемі бір айда 9,2%-ға артып, 855,8 миллиард теңгеге жеткен. Мұны Ranking.kz ҚР Ұлттық банкінің статистикасына сілтеме жасап мәлімдеді.

Сарапшылардың мәліметінше, Bank RBK бұл көрсеткіштің жылдық өсімі бойынша да Қазақстандағы ірі екінші деңгейлі банктер арасында айқын көш бастап тұр. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктің жеке тұлғалар депозиттері 43,1%-ға артқан. Бұл Bank RBK көрсеткіштерінің тұрақты өсіп келе жатқанын және қазақстандықтардың банкке деген сенімінің нығайып отырғанын көрсетеді.

Қаржы институты халықтың түрлі санаттарының қажеттіліктерін қамтитын кең, ауқымды депозиттік өнімдер желісін ұсынады. Олардың қатарында күн сайын капиталдандырылатын Smart икемді депозиті, пайыздары ай сайын төленетін Depositum, жинақтаушы Dream, Grand және Safe депозиттері, сондай-ақ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясындағы Aqyl мақсатты депозиті бар.

Ranking.kz сарапшыларының айтуынша, сыйақы мөлшерлемесі жоғары Grand жинақ депозиті Bank RBK-нің жеке тұлғаларға арналған ең танымал өнімдерінің бірі болып қала береді. Депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі 4,89%-дан 17,52%-ға дейін (ЖТСМ – 5,00%-дан 19,00%-ға дейін) белгіленген. Сонымен қатар салымшыларға қызмет көрсету ақысы алынбайтын премиум дебеттік төлем картасын (тарифтерге сәйкес) оның қолданылу мерзімі бойы тегін рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылады. Премиум карталардың иелері үшін қосымша артықшылық ретінде 8%-ға дейін кэшбэк ұсынатын бірегейSarqyt бағдарламасына қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

 

Бір ерекшелігі, халық салымдарының жалпы көлемінің шамамен 96%-ы сектордағы жетекші он қаржы институтында шоғырланған. Еске салсақ, елімізде барлығы 23 банк жұмыс істейді, оның ішінде 10-ы еншілес банк.

Халық салымдарының ай сайынғы өсімі бойынша жетекші ондыққа кіретін банктер арасында екінші орынды Freedom Bank иеленді: өсім 5,4%-ды құрап, көлемі 943,6 миллиард теңгеге жетті. Қаржы институты осы көрсеткіштің жылдық өсімі бойынша да үздік үштікке енді: өсім 38,6%-ды құрады.

Бөлшек салымдар көлемінің ай сайынғы өсімі бойынша үздік үштікті Банк ЦентрКредит түйіндеді: өсім 3,8%-ды құрап, көлемі 3,6 трилион теңгеге жетті.

Ал Ұлттық банктің статистикасына сәйкес, жылдық динамика бойынша өсім көлемі жағынан үздік үштікке ForteBank енді: өсім 30,7%-ды құрап, көлемі 1,4 триллион теңгеге жетті. Сондай-ақ тұрғын үй жинақ жүйесі аясында жұмыс істейтін Отбасы банктің көрсеткіштерін де атап өткен жөн. Ол халық салымдарының портфелін бір жыл ішінде 30,1%-ға арттырып, 3,3 триллион теңгеге жеткізді.

Жалпы, айлық динамика бойынша сектордағы жетекші ондыққа кіретін 9 банк және бүкіл сектор бойынша 17 банк оң өсім көрсетті (айта кетейік: бизнес-моделіне байланысты америкалық "еншілес" банк – Ситибанк Қазақстанда жеке тұлғалардың салымдары мүлде жоқ). Жылдық динамикада бөлшек депозиттер көлемінің өсуін жетекші ондықтағы 8 банк және жалпы сектордағы 12 банк көрсетті.

Бұл ретте еліміздегі банктеріндегі депозиттердің жалпы көлеміндегі халық салымдарының үлесі 60%-ға жуықтады. Салыстырып көрсек, бір ай бұрын бұл көрсеткіш 59,3%-ды, бір жыл бұрын –  57,3%-ды, бес жыл бұрын – 50,2%-ды, ал он жыл бұрын – 43,5%-ды құраған. Осылайша, дәл осы халық қаражаты Қазақстанағы екінші деңгейлі банктер үшін негізгі қаржыландыру көзіне айналып отыр. Бұл өз кезегінде сектордағы қаржы институттарына деген халық сенімінің маңызын арттырады.

Сарапшылардың пікірінше, банк депозиттері қазақстандықтар үшін қаражат жинаудың негізгі, түсінікті әрі тиімді құралы болып қала береді. Инвестицияның бұл түрінің қаржы нарығынан алыс адамдардың өзіне де анық байқалатын бірқатар артықшылықтары бар.

ҚР ҚНРДА 2021 жылғы 5 сәуірде берген № 1.2.100/245/41 лицензиясы

Stan.kz
Сәрсенбі, 15 Шілде, 2026 11:43